Новости
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
2020 жылғы 22 желтоқсанда «№5 «Асыл Мирас» ППТК» КММ мамандары Болат Өтемұратов Қорының жалпы жиналысына қатысты, жиналысқа басқа қалалардың да «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары қатысты.
Құрметті отандастар, біз сіздерді басты мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
2020 жылдың 11 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№5 «Асыл Мирас» ППТК» КММ мамандары - Абдикаримова Жанат, Нурова Нурия, Мухамеджанова Гулжана Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 арнайы мектеп» КММ мамандарына "АСБ бар балалардың дамуы және оларды оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар өткізді.
Өзінің еңбек жолында ол эмоциялық-ерік аясында және мінез-құлқында бұзылыстары бар балалардың дамуына үлкен үлес қосты.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорының ынтымақтастығының нәтижесінде 2020 жылғы 3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 23/2 мекенжайы бойынша №5 "Асыл Мирас" ППТК КММ ашылды.