Новости

IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар әрбір балаға толыққанды білім алу үшін тең мүмкіндіктер беру маңызды екенін атап өтті. Бұл жай ғана құқық емес, әр баланың табысты және бақытты болашағының негізі.

 

 

Осыған байланысты, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдауды қамтамасыз ететін жаңа Заң әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл заң қолжетімді білім беру ортасын құруға, оқыту сапасын жақсартуға және барлық балаларды әлеуметтендіруге бағытталады

Ардақты аналар, сіздерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан және сәттілік тілейміз! «Асыл Мирас» Аутизм орталығының балалары өздерінің аналарын құттықтауға асығып, кішігірім тосын сый дайындады🥰

Кұрметті ата-аналар, әріптестер! Баршаңызды 1 наурыз - "Алғыс айту"

кұнімен шын жүректен кұттыктаймыз! Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштык тілейміз!

  2024 жылдың 27 желтоқсанында "Болат Өтемұратов Қоры" Жеке Қоры Қазакстанның12 қаласында орналасқан "Асыл Мирас" Аутизм Орталыктарының жыл сайынғы қызметінің корытындысы бойынша марапаттады:

- біздін орталық - "Ең үздік орталық" номинациясы;

- біздің басшымыз Абиева А.С. - "Ең үздік басшы" номинациясы.

Педагогтар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

"Жылдың үздік қызметкері" – Айдарканова Зауреш;

"Жылдың жарқын жүрегі" - Алдабаева Айдана;

"Жыл перспективасы" - Кауметова Кымбат.

 

Номинация жеңімпаздарын шын жүректен кұттыктаймыз!

Биылғы жылдың 25 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен қалалық, семинарында  «Кәсіптік білім берудегі инклюзивті окыту: жағдайы мен болашағы»

тақырыбында «орталғынымыздың басшысы Абиева Айнур Суранчаевна және де әдіскер,

педагог-психолог Мухамеджанова Гульжана Ербулатовна өз тәжірибесімен бөлісті.

 

    Казіргі таңда білім беру аланыңда өзекті мәселелердің бірі ол инклюзивті білім беру. Біздің тәжірибеміз әріптестерімізге АСБ бар балалармен жұмыс барысында көмектесетіндігіне сенімдіміз.

  22.11.2024 ж. Орталығымыздың мамандары Астана каласы әкімдігінің " N°4 психологиялык-педагогикалық, түзеу кабинетімен» бірге қаламыздың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне семинар-практикум жүргізді.

 

  Аутизм спектрі бузылысы бар балалардын окытудаты әдіс -тәсілдерімен бөлісіп, жағымсыз мінез-құлыкпен дұрыс жұмыс жасау жолдарын айтып өтті. 

Құрметті ұстаздар!
Сіздерді мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің балаға берген білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз еліміздің болашағының негізі.
Еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Мерейлі мерекеде дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз табысты болсын!

05.04.2024 Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін "Аутизм орталығында АСБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар спикерлері болып "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда келесі тақырыптар қамтылды:

1. "Асыл Мирас" Аутизм Орталығының қызметінің технологиялық процесі;

2. "Асыл Мирас" Аутизм орталығындағы диагностикалық тексеру;

3. АСБ бар балалардың ерте дамуы (0-3 жас);

4. AСБ бар баланың жағымсыз мінез-құлқы. Жағымсыз мінез-құлыққа дұрыс жауап беру жолдары;

5. АСБ бар балалардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу.

 

Тақырыптар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында спикерлер қойылған  сұрақтарға жауап берді.

2024 жылғы 2 сәуірде "Асыл Мирас "№ 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ -де Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік күні» өтті. Қонақтардың арасында "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығында оқу курсынан өтіп жатқан педагог-ассистенттер, білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары болды. Іс-шара барысында қонақтарға арнайы экскурсия өткізіліп, аутизм орталығының жұмысымен таныстырылды. Сондай-ақ, мамандарға АСБ бар балаларда жағымсыз мінез-құлық пайда болған кездегі түзете-педагогикалық жұмыс стратегиялары туралы ақпарат берілді.

Наши партнеры